Астанада көлікті бұзып, екі ноутбукты қолды қылған қос азамат ұсталды
Елордада көлікті бұзып, екі ноутбукты қолды қылған қос азамат ұсталды, деп хабарлайды polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Фото: pexels
17:23 25.06.2024
Елорда тұрғыны полицияға арызданып, белгісіз екі адам көлікті ашу арқылы оның ішіндегі қымбат құрал-жабдықты алып кеткенін айтқан.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Алматы аудандық полиция басқармасының қызметкерлері күдікті екі жігітті ұстаған. Белгілі болғандай, тергеушілер күдіктілердің таңертең көлікті бұзып, екі ноутбукты ұрлап кеткенін анықтаған. Келтірілген шығын көлемі - 800 мың теңге.
Жастар жасаған кінәсін мойындап, олардың бұрын жасалған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Астана полиция депаратменті азаматтарға көліктерінің терезелерін, есіктері мен жүксалғыштарын, сондай-ақ көліктердегі бағалы заттарды ашық қалдырмауды ескертті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!