Ескерту: Алматыда күн 36 градусқа дейін ысиды
Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті аптап ыстыққа байланысты тұрғындарға ескерту жасады.
Фото: Александр Павский/Kazinform
08:05 26.06.2024
«Қазгидромет» синоптиктерінің мәліметінше, 26 маусым күні Алматыда сынап бағанасы 36 градусқа дейін көтеріледі.
Осыған байланысты Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаменті төмендегі қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынып отыр:
— Күн сәулесі тікелей түсетін жерлерде мүмкіндігінше аз болуға тырысыңыз;
— Сағат 12:00–ден 16:00–ге дейінгі уақытта күннің сәулесі белсенді болатынын ұмытпаңыз. Денені күн сәулесінен қорғап, жабық киім киюге тырысыңыз және күннен қорғайтын сықпа майлар қолданыңыз;
— Алкогольді ішімдік ішпеңіз — алкоголь ыстықта ағзаға тез әсер етеді және дене жоғары температураға сезімтал болады;
— Сұйықтықты (салқындатылған су, минералды су) мүмкіндігінше көп ішуге тырысыңыз;
— Денеге салмақ түсірмеңіз. Күшті жүктеме ыстықта жылу алмасуды арттырады да ағзаны сусыздануға әкеліп соқтырады;
— Көлікпен ұзақ сапарларға шықпаған абзал.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!