Прокуратура жыл басынан бері алименттен қағылған 250 баланың пайдасына 87 млн теңге өндірген
Алимент төлеуден жалтарған әкелермен күрес жүргізу, балалардың құқығын қорғау мәселесі прокуратураның бірінші кезектегі міндеттерінің бірі болып қала береді.
Фото: Kazinform
10:18 26.06.2024
Астана қаласы прокуратурасының қадағалауымен «электрондық әмияндар» — электронды төлем құралдарында 300 млн теңгеден астам кірісін жасырған борышкерлер анықталды, деп жазады kazinform.
«Мәселен, 5 млн теңге қарызы бар жосықсыз борышкер екі баласына 5 жыл бойы алимент төлемеген. Ол әмиянын 6 млн теңгеге толықтырып, өз қажеттіліктері үшін жаратқан. Басқа жағдайда, 33 жастағы алимент төлемеуші сот үкімімен алимент төлеуден жалтарғаны үшін 100 сағаттық мәжбүрлі еңбекке тартыла отырып, 1 жылға бас бостандығынан шектелді», — делінген хабарламада.
Жалпы жыл басынан прокурорлар 250 баланың пайдасына 87 млн теңге өндірген.
Сот актілерін орындамағаны үшін 98 борышкер әкімшілік, 10 борышкер қылмыстық жауаптылыққа тартылды.
Бұл бағыттағы жұмыстар жалғаса бермек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!