Түркістан облысында жекеменшік балабақшаның балалары жаппай уланып қалды
Қазір тамақтан уланған балалардың саны 34-ке жетті.
Фото: freepik
10:37 26.06.2024
Аталған жағдайға байланысты Келес аудандық полиция бөлімі тарапынан қылмыстық іс қозғалды.
Оқиға Келес ауданында болды. 24 маусым күні таңғы астан кейін, яғни сағат 11:00 шамасында балалар өздерін жайсыз сезіне бастаған, деп жазады kazinform.
Содан бөбекжай-балабақша қызметкерлері дәрігер мен мейірбикені шақырып, алғашқы дәрігерлік көмектер көрсеткен. Қазір ауруханаға түскен балалардың жағдайын дәрігерлер жіті бақылап отыр.
«Келес ауданындағы жекеменшік балабақшада балалардың улану жағдайы Түркістан облысы білім басқармасының назарына алынды. Келес аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы тарапынан тексеру жұмыстары жүргізілді. Таңғы аста балаларға берілген ботқаның құрамы, сүттің құрамы сараптамаға жіберілген. Ауруханаға жөнелтілген балалардың жағдайы дәрігерлердің жіті бақылауында. Жағдайға байланысты Келес аудандық полиция бөлімі тарапынан қылмыстық іс қозғалды», - делінген Түркістан облысы білім басқармасының баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!