Алматыда әйел көп қабатты үйдің терезесінен құлап, қайтыс болды
Әлеуметтік желілерде Алматыдағы көп қабатты үйдің терезесінен әйелдің құлап кеткені хабарланды.
Фото: видеодан кадр
11:48 26.06.2024
Желіде тараған бейнежазбада әйелдің тұрғын үйдің терезесіне шығып, оқыс қылықтар жасағанын көруге болады. Аталған жағдайға байланысты Полиция департаменті түсініктеме беріп, оқиға «Теремки» тұрғын үй кешенінде болғанын растады.
«Өз-өзіне қол жұмсау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Себеп-салдары мен мән-жайы анықталып жатыр», - деп хабарлады ПД баспасөз қызметінен.
Алматы қаласының Денсаулық сақтау басқармасы келіншек жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болып кеткенін мәлімдеді.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!