Түлкібас-Арыс учаскесінде пойыз қозғалысы қалпына келтірілді
Түлкібас-Арыс учаскесінде жүк вагондарының жолдан шығып кету жағдайы болған жерде пойыз қозғалысы қалпына келтірілді. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі мәлімдеді.
Фото: Otyrar.kz
12:15 26.06.2024
Кешіктірілген пойыздардың жолаушылары тамақ және ауыз сумен қамтамасыз етілді. Жолда қалып қойған 492 жолаушыны жеткізу үшін 5 автобус ұйымдастырылды. Жүк вагондарының жолдан шығып кету салдарын жоюға үш қалпына келтіру пойызы және 100-ден астам теміржолшы жұмылдырылды.
«Компания жолаушылардан келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды және пойыздардың кідіру уақытын қысқарту мақсатында қажетті шараларды қабылдап жатыр. Анықтамалық ақпаратты «1433» тегін нөмірі арқылы алуға болады», - делінген «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!