Елімізде өңірлерді цифрлық эфирлік телерадио хабарын таратуға көшіру ісі жалғасып жатыр
Биыл 1 қыркүйектен бастап Қазақстан цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға (ЦЭТВ) кезең-кезеңімен көшуді жалғастырады.
Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform
13:03 26.06.2024
Бұл жолы тізімге ішінара Шығыс Қазақстан, Абай және Атырау облыстарының елді мекендері кіреді. Бұл қадам телевизия бағдарламаларын көруді осы өңірлердің тұрғындары үшін бұрынғыдан да қолжетімді әрі сапалы етуге бағытталған.
Жаңа буын цифрлық теледвизиясы сигналдың жоғары жылдамдығын қамтамасыз етеді және көрермендерге көптеген жаңа мүмкіндіктер ашады. Енді пайдаланушылар көп арналарды, жақсартылған сурет пен дыбыс сапасын, мультимедиялық қосымшаларды, радионы, электрондық хабарлар бағдарламасын, субтитр тілін таңдауды және басқа да көптеген жаңалықтарды тамашалай алады.
Аналогты телевизиядан айырмашылығы, цифрлық сигнал кедергіге төзімді және тіпті ең шалғай елді мекендерде де көрермендерге шуыл мен бұрмалаусыз беріледі. Бұл осы өңірлердің тұрғындары іркілістер және сурет пен дыбыс сапасының төмендігін ұмыта алады деген сөз.
ЦЭТВ-ға көшу Қазақстанда телевизияны дамытудың жаңа бағытын ашады. Цифрландыру шағын елді мекендерде көп телеарна қабылдауға мүмкіндік береді — аналогты форматтағы 2-3 арнаның орнына 15 арнаға дейін қабылдайды. Облыс орталықтарында көрермендерге 30 арна қолжетімді болады. Бұл ретте оларды жіберу үшін қажетті электр энергиясын тұтыну айтарлықтай азаяды.
Бұл қадам барлық азаматтың өмір сүру сапасы мен ақпараттық қолжетімділігін арттыруға бағытталған елді цифрландырудың жалпы стратегиясының бір бөлігі болып саналады. Төменде аналогты телевизиядан ажыратылып, цифрлық эфирлік телевизияға ауысатын елді мекендердің толық тізімі келтірілген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!