{metadescription}
Атырауда 2 есірткі фитолабораториясы мен 2 өңіраралық тасымалдың жолы кесілді

Атырауда 2 есірткі фитолабораториясы мен 2 өңіраралық тасымалдың жолы кесілді

Атырау облысы прокуратурасының үйлестіруімен есірткі айналымы мен саудасының жолын кесу бағытында бірлескен жедел-іздестіру іс-шаралары ұдайы өткізіліп келеді.

Атырау облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жыл басынан бері Атырауға Алматы және Ақтөбе облыстарынан синтетикалық есірткі жеткізбек болғандардың жолы кесілді. Атырау облысы прокуратурасының үйлестіруімен есірткінің фитолабораториясын ұйымдастырған 2 күдікті анықталып, ұсталды.

Күдіктілер тұрғын үй ішінде арнайы желдеткіштер мен жарық, суару жүйелерін орнатқан. Үй ішінде қарасора, марихуана өсімдіктерін өсіріп, есірткі айналымын жүзеге асырмақ болған. Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде күдіктілерден 100-ден астам есірткі өсімдігінің бұтақтары тәркіленді», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Талдау көрсеткендей, Атырау облысының аумағында синтетикалық есірткіні жасырын сату әдісі арқылы өткізбек болғандардың басым бөлігі – еліміздің өзге өңірлерінен келген 18-35 жастағы жастар.

«Есірткі сатпақ болғандардың бәрі дерлік оңай олжаға кенелуді ойлап, әлеуметтік желілер мен сайттардағы жоғары жалақысы бар жұмыс деген жалған жарнамаға сеніп келеді. Мәселен, жыл басынан бері Атырауда есірткіні жасырын тығып сатпақ болған 27 күдікті ұсталды. Олардың дені Павлодар, Астана, Тараз, Ақтөбе, Ақтау, Қостанай, Қызылорда және Орал қаласының тұрғындары. Күдіктілер мұндай қылмыс үшін бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан шектеу жазасы көзделгенінен де бейхабар болған. Күдіктілер темір торға жабылған соң ғана өкінеді», - деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен.

Ал Атырау облысының прокуратурасы тұрғындардан есірткінің заңсыз айналымы туралы ақпаратты құқық қорғау органдарына хабарлауды ескертіп отыр.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде