{metadescription}
Алматыдағы метро құрылысынан 5 миллиард қаржы жымқырғандар сотталды

Алматыдағы метро құрылысынан 5 миллиард қаржы жымқырғандар сотталды

Алматы қаласының Алмалы аудандық сотымен оңтүстік астанадағы метро құрылысы кезінде 5 миллиард теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырды деп айыпталған 10 адамға қатысты үкім шықты. Қылмысқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді көлік прокуратурасы жүргізді.

Бұл туралы Бас көлік прокуратурасы мәлімдеді

Мәлім болғандай, сотталушылар «Метрополитен» КМК, «Алматыметроқұрылыс» АҚ, «Автоматтандыру және технологиялар қызметі» ЖШС-да басшылық лауазымда отырып, сыбайлас топпен бірге 2018 жылдың маусымынан 2020 жылдың тамызына дейінгі кезеңде «Сарыарқа» және «Достық» станцияларын салу барысында қаржы жымқырған. Айласын асырғандар құжатта жабдықтың құнын артық көрсетіп (іс жүзінде 10 есе), тұрақты түрде ірі көлемдегі ақшаларды жалған фирмалар арқылы шығарғаны дәлелденді.

Сот шешімімен Алматы метросының бұрынғы басшысы Ербол Әбілдиновқа 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сондай-ақ Е.Абжаппар мен Е.Қапаев 8 жылға, Ж.Арисова мен Н.Арисов 7 жыл 6 айға, В.Хен 7 жылға сотталды. Ж.Арисованың 2023 жылы туылған сәбиінің болуына байланысты оған жазаны өтеу мерзімі 5 жылға кейінге қалдырылды. Қалған айыпталушылар - Қ.Бекмұхамбет пен А.Рахымжанов 2 жыл 9 айға, ал А.Хегай мен Н.Акишевке 1 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сонымен қатар Ербол Әбілдинов өмір бойына, ал қалған айыпталушылар белгілі бір мерзімге қаржы саласындағы жауапты лауазымдарды және басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.

Сот Е.Әбілдинов, Е.Абжаппар, Е.Қапаев, Ж.Арисова, Н.Арисов және В.Хеннің әрқайсысын 50 млн 893 мың теңге шығынды өтеуге міндеттеді.

Сонымен қатар, сот 1 млрд теңгеден астам сомаға тыйым салынған мүлікті тәркілеуді қолданып, мемлекетке келтірілген шығынды өндірді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде