{metadescription}
Қор нарығында доллар арзандады

Қор нарығында доллар арзандады

Қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы арзандады. 

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 3,44 теңгеге төмендеп, 1 доллар 463,77 теңге болды.

Айта кетейік, Ұлттық банктің 26 маусымдағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 467,29 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы – 464,3 теңге, сатып алу – 465, 5 теңге. Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы 462 теңгеден болса, сатып алу – 467 теңге.

Алматыда Ресей рублі 5,11 – 5,31 теңге аралығында саудалануда. Астанада көрші ел валютасы 5 – 5,25 теңгеден сатылып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде