{metadescription}
Ұлттық қорға мұнай секторынан түсетін салық төлемдері 30 пайызға жуық қысқарған

Ұлттық қорға мұнай секторынан түсетін салық төлемдері 30 пайызға жуық қысқарған

Бұл жайында Жоғары аудиторлық палатаның 2023 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Үкімет есебіне қорытындысыннда айтылған.

«Есепті кезеңде мұнай секторы ұйымдарынан тікелей салықтардың түсімі 1 840,9 млрд теңгеге (-29,8%) төмендеп, 4 557,4 млрд теңгені құрады. Оның ішінде корпоративтік табыс салығы бойынша төлемдер – 32, үстеме пайдаға салынатын салық – 42, пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық – 19, экспортқа рента салығы бойынша – 40, жасалған келісімшарттар шеңберінде өнімді бөлуге қатысты елдің үлесі бойынша – 30, жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемдері бойынша 85 пайыза қысқарды», - делінген құжатта. 

Дегенмен, төленген бонустардың мөлшері екі есеге жуық 15,9 млрд теңгеге дейін өсті. Ұлттық қорға салық төлемдерінің 30 пайызға жуық азаюы мұнай бағасының төмендеуіне байланысты.

Салықтық емес түсімдер (әкімшілік айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар, табиғат пайдаланушылардан мұнай секторы ұйымдарының зиянды өтеу туралы талап-арыздары бойынша алынған қаражат және т.б.) 2 есе өсіп, 8,5 млрд теңгені құрады. Республикалық меншікті жекешелендіруден түскен түсімдер көлемі 1,2 млрд теңгені құрады. Ұлттық қорды басқарудан түскен инвестициялық табыс өткен жылдың теріс мәнінен (-826,5 млрд теңге) 2023 жылдың қорытындысы бойынша 1 819,7 млрд теңгені құрап, өскенін көрсетті. 2023 жылы кепілдендірілген трансферт сомасы 45%-ға төмендеп, 2 200 млрд теңгені құрады. Бұл ретте қосымша 1 800 млрд теңге көлемінде нысаналы трансферт бөлінді.

Қорды басқаруға және жыл сайынғы сыртқы аудитті жүргізуге байланысты шығыстар 69,9 млрд теңгені құрады (48,3 млрд теңгеге ұлғайған). Аталған шығыстардың өсуі өткен жылмен салыстырғанда үстеме кірістілік алған сыртқы басқарушылардың бұрынғы сыйақылары мен комиссиялар бойынша төлемдерге байланысты үш есе көп болды.

Басқару шығыстары активтерді басқару үшін базалық комиссияларды және басқару нәтижелері бойынша комиссияларды (performance fee) төлеуді, кастодиалдық қызметтерді, жыл сайынғы сыртқы аудит жүргізу қызметтерін, сондай-ақ ақпараттық қызметтерді төлеуді қамтиды. Аудитке тікелей жұмсалған шығыстар: 2022 жылы – 74,5 млн теңге, 2023 жылы – 84,3 млн теңге.

Ұлттық қордың таза жинақтары 2023 жылы 1,2 еседен астам өсіп, 2 339,9 млрд теңгені құрады. 2022 жылдың қорытындысы бойынша, бұл көрсеткіш 1 987,3 млрд теңге болды. Нәтижесінде Ұлттық қордың жалпы көлемі 29 114,8 млрд теңгені (60 млрд АҚШ доллары) құрады.

Дереккөз: Kazinform   

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде