Бишімбаев пен Байжанов үкімі өзеріссіз қалды
Сот алқасы экс-министр Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановтың апелляциялық шағымы бойынша шешім шығарды.
Фото: Sputnik / Санат Имангалиев
18:46 26.06.2024
Апелляциялық сот экс-шенеунік Қуандық Бишімбаев пен оның інісі Бақытжан Байжанов үкімін өзеріссіз қалдырды.
Еске салсақ, 2023 жылы 9 қарашада Астанадағы «Bau» мейрамханасында бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев өзінің жұбайын соққыға жықты. Әйел жедел жәрдем жеткенше көз жұмды. Қуандық Бишімбаев 24 жылға сотталды. Ал Бақытжан Байжанов төрт жылға бас бостандығынан айырылды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!