Алматыдағы жол апаты: автобус салонынан видео пайда болды
Алматыдағы апатқа ұшыраған автобустың камерасы түсіріп алған бейнежазба әлеуметтік желідегі парақшаларға жарияланды.
Фото: Tengrinews.kz / Алихан Сариев
19:05 26.06.2024
Оқиға Mega park ойын-сауық орталығының жанында, Мақатаев және Масаншы көшелерінің қиылысында болды. Қоғамдық көлік камерасы түсірген бейнежазбадан Мақатаев көшесінің бойымен келе жатқан автобусқа жеңіл көліктің соғылғанын көруге болады.
Еске салайық, Алматыда 18-ші бағыттағы автобус апатқа ұшырап, бір адам қаза тапты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!