{metadescription}
27-29 маусымда еліміздің басым бөлігінде ыстық басылады

27-29 маусымда еліміздің басым бөлігінде ыстық басылады

Қазгидромет 27-29 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады. 

Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері Қазақстан аумағының басым бөлігіне ауқымды циклон әсер етеді. Соның салдарынан батыс және солтүстік-батыс облыстарда найзағаймен бірге қатты жаңбыр, бұршақ жауып, екпінді жел соғады. 

«27 маусымда оңтүстік-батыста, 27-29 маусымда солтүстік-батыста, 28-29 маусымда республиканың батысы мен солтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Еліміздің шығысы мен солтүстік-шығысында ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады деп болжанып отыр. 27 маусымда республиканың солтүстік-батысында, 28-29 маусымда оңтүстігінде, 29 маусымда солтүстік бөлігі мен орталықта аптап ыстық төмендейді. Елдің шығысы мен оңтүстік-шығысында +40+43°С аптап ыстық сақталады», - деп жазды «Қазгидромет». 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде