{metadescription}
Алматыдағы жол апаты: жеңіл көлік жүргізушісі қамауға алынды

Алматыдағы жол апаты: жеңіл көлік жүргізушісі қамауға алынды

Алматыда Мақатаев пен Масаншы көшелерінің қиылысында адам өліміне әкеліп соққан жол-көлік апатына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы полиция департаментінен мәлім етті. 

Жол апатына себепкер болған жеңіл көлік жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Айта кетейік, рөлде әйел адам болған. 

«Қоғамдық көлік қозғалысының жылдамдығын анықтау тұрғысында сараптама тағайындалды. Оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталуда», - делінген хабарламадан.

Еске салайық, Алматыда 18-ші бағыттағы автобус апатқа ұшырап, бір адам қаза тапты

Дереккөз: Kazinform   

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.