{metadescription}
Ресейде 9 вагон рельстен шығып, 70 жолаушы жарақат алды

Ресейде 9 вагон рельстен шығып, 70 жолаушы жарақат алды

Ресейдің Коми өңірінде Воркутадан Новороссийск қаласына бара жатқан жолаушылар пойызының 9 вагоны рельстен шығып кетті, деп хабарлады ТАСС.

№ 511 пойыздың вагондары Мәскеу уақытымен сағат 18:12 кезінде Инта-1 мен Угольный Северный теміржол аралығында жолдан шықты. Тергеу комитетінің ақпараты бойынша адам шығыны жоқ. Құқық қорғау органдары 70 адам зардап шеккенін хабарлады. 10 адамның жағдайы ауыр. 

Оқиға орнында жедел қызметтер жұмыс істеп жатыр, олар жолаушыларға көмек көрсетіп, көшіруге кіріскен.  

Апат орнына сондай-ақ Коми басшысы Владимир Уйба ұшып шықты. Пойыздардың қозғалысы тоқтатылды.

Сот Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің 263-бабының 1-бөлімінде көзделген қылмыс белгілері бойынша іс қозғады. Пойыз апатының себебі — нөсер жауыннан кейінгі тасқын.  

Рельстен шықпай аман қалған вагондардың жолаушыларын басқа пойызға тіркейді, олар Новороссийск қаласына дейін сапарын жалғастырады.  

Дереккөз: Kazinform   

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде