{metadescription}
Қарағандыда көпқабатты тұрғын үй өртеніп, 28 адам эвакуацияланды

Қарағандыда көпқабатты тұрғын үй өртеніп, 28 адам эвакуацияланды

Бүгін таң ата Қарағанды қаласында көпқабатты тұрғын үйдің 5 қабатында орналасқан пәтерде 6 шаршы метр алаңда үй заттары, тоңазытқыш және жиһаз өртенді.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Өрт сөндірушілер 28 адамды эвакуациялады, оның ішінде 8 бала бар. Өрт сөндірушілердің жедел жұмысының арқасында шақырған сәттен бастап 58 минут ішінде өрт сөндірілді.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің алдын ала шығу себебі – электр сымдарының қысқа тұйықталуы.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

05 шілде

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде