{metadescription}
Көліктің алдыңғы терезесін қараңғылауға рұқсат берілуі мүмкін

Көліктің алдыңғы терезесін қараңғылауға рұқсат берілуі мүмкін

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев көліктің алдыңғы терезесін қараңғылауға рұқсат беруге қатысты пікір білдірді.

Сенаттың жалпы отырысы аясында БАҚ өкілдері Марат Қожаевтан: «Қытайда шығарылған көптеген автомобильдің алдыңғы терезесі қараңғыланған. Қазақстанда мұндай қараңғылауға рұқсат берілуі мүмкін бе?», - деп сұраған еді.

Министрдің бірінші орынбасары бұл мәселе бүгін ғана көтеріп отырмағанын атап өтті.

«Қазіргі уақытта ІІМ алдыңғы терезені қараңғылауға тыйым салу тарихын зерделеп жатыр. Бұл мәселені Мәжіліс депутаттары да көтеріп жүр. Кедендік одақ регламенті бар. Онда алдыңғы терезе қаншалықты қараңғылануы тиіс екендігі жазылған. Бұл жол қозғалысы және Жол жүрісі ережесінің бұзылуы кезінде жүргізуші мен жолаушыны сәйкестендіруде қиындықтың болуына байланысты. Қазір құқық бұзушылықты тіркейтін жаңа техникалық құралдар шығып жатыр. Сондықтан мұның (алдыңғы терезені қараңғылауға рұқсат беру) қаншалық мүмкін екендігін немесе жол қозғалысы, қоғамдық тәртіп қауіпсіздіген зиян тигізетіндігін зерделеп жатырмыз. Мәселе зерделеніп жатыр, таяу уақытта сарапшылық қорытындымызды сіздерге жеткіземіз», - деді Марат Қожаев.

Дереккөз: Kazinform   

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

28 маусым

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.