{metadescription}
Алматы көшелерінде орташа жөндеу жұмыстары басталды

Алматы көшелерінде орташа жөндеу жұмыстары басталды

Алматы әкімдігі қай көшеде орташа жөндеу жұмыстары басталғанын айтты.

Қалалық әкімдіктен мәлім еткендей, Алматы тұрғындарына ыңғайлы болу үшін орташа жөндеу кезінде көлік қозғалысы мейлінше аз шектеледі, деп жазады kazinform.

Қазір жұмыстар барлық ауданда басталды. Бұл ретте, 20 магистральдық көшені жөндеу 25 тамызға дейін, ал аудандық көшелерді қазан айының соңына дейін аяқтау көзделген.

«Қазір қозғалысты шектеуді қажет етпейтін жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл тротуар төсеу, түнде асфальт жабынын қыру жұмыстары. Полимерасфальтбетоны төселген соң технология бойынша 36 сағат тұру керек, сондықтан жол ішінара жабылады», - деді басқарма басшысының орынбасары Ернұр Әбжахан.

Сонымен, Дулати даңғылында әл-Фараби даңғылынан Набережная көшесіне дейін, Жандосов көшесінде Тимирязев көшесінен Манас көшесіне дейін, Өтегенов көшесінде Қ.Тауасарұлы көшесінен К.Салықов көшесіне дейін, Березовский көшесінде Гагарин даңғылынан Розыбакиев көшесіне дейін, Қабдолов көшесінде Өтеген батыр көшесінен Саин даңғылына дейін, Тұрғұт Өзал көшесінде Төле би көшесінен Райымбек даңғылына дейін, Сүйінбай даңғылында Бекмаханов көшесінен Лавренев көшесіне дейін жұмыс басталды.

«Жөнделетін көшелердің аумағында мердігерлік ұйым басшыларының байланыс ақпараты бар арнайы стендтер орнатылады. Көлік қозғалысын шектеу қала тұрғындарына БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы хабарланады, сондай-ақ жөнделетін учаскелер «2Гис» және «Яндекс карты» сервистерінде көрсетіледі»,- деп атап өтті басқармадан.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

28 маусым

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.