{metadescription}
Оралда автокөлік қағып кеткен 15 жасар жасөспірім өте ауыр халде жатыр

Оралда автокөлік қағып кеткен 15 жасар жасөспірім өте ауыр халде жатыр

Орал қаласында автокөлік қағып кеткен 15 жасар жасөспірім облыстық көпбейінді балалар ауруханасында өте ауыр халде жатыр.

БҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 24 маусым күні кешкісін Бірлік көшесі 23-үй маңында болды.

Қазіргі кезде жансақтау бөлімінде жатқан баланың жағдайы өте ауыр.

Сағат 19.10-19.20 аралығында болған осы оқиғаға байланысты жасөспірімнің жақын-жуықтары куәгерлерді іздестіруде.

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің нақтылауынша, жүргізуші «ВАЗ-21043» автокөлігімен Орал-Саратов тас жолы бойында белгіленбеген жерден өтпекші болған жасөспірімді қағып кеткен. Қазіргі таңда аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

28 маусым

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.