{metadescription}
Қызылордада көлге батып бара жатқан екі жасөспірім қыз құтқарылды

Қызылордада көлге батып бара жатқан екі жасөспірім қыз құтқарылды

Қызылорда облысында Қамбаш көліне батып бара жатқан екі жасөспірім қыз құтқарылды.

Оқиға бүгін, 27 маусымда сағат 13.00 шамасында болған. Қызылорда облысы Қамыстыбас станциясы құтқару бөлімшесінің құтқарушылары жағадан қашықтап кеткен екі жасөспірім қызды құтқарып қалды.

«Бас құтқарушы Аманбек Әбжалелов, құтқару бөлімшесінің құтқарушылары Заманбек Жұмағұл және Батырхан Бисембин Қамбаш көлінде патрулдеу жүргізіп келе жатқан еді. Сол сәтте жағадан 600 метр қашықтықта батып бара жатқан 2011 және 2016 жылғы қыз балаларды құтқарып қалды. судан шығарды.

Жасөспірім қыздардың жағдайы тұрақты, медициналық көмекке мұқтаж емес», - деп мәлім етті Қызылорда облысы ТЖД Жедел құтқару жасағынан.

Дереккөз: Kazinform    

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

28 маусым

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.