{metadescription}
Павел Дуров Қазақстанда не істеп жүр – министр жауабы

Павел Дуров Қазақстанда не істеп жүр – министр жауабы

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев  ресейлік Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуровтың Қазақстанға не үшін келгенін айтты.

«Павел Дуров осында жүр, Қазақстанды көргісі келеді. Өзге қалаларда да (Астанадан басқа – ред.) болуы мүмкін. Қазір жоспарды пысықтап жатырмыз. Өте қызығушылықпен келіпті. Бұйырса, келешекте табысты жобаларды іске асырамыз деп ойлаймын. Әзірше қазір нақты жобалар туралы ештеңе айта алмаймын. Бірақ оған Қазақстанның ұнауы үшін, бұл жақтан бірлескен технологиялық бойынша үлкен келешек көруі үшін бәрін жасаймыз. Жұмыс істейміз», - деді министр Парламент палаталарының бірлескен отырысы алдында.

Сондай-ақ, ол Қазақстанда Павел Дуров негізін қалаған мессенджерді 10 миллионнан астам адам қолданатынын айтты.

Дереккөз: Kazinform   

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 маусым

28 маусым

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.