Астана аумағына автокөліктердің кіріп-шығуына шектеу қойылған ба
Астана қаласының аумағына автокөліктердің кіріп-шығуына шектеу қойылғаны туралы ақпарат жалған.
Фото: Tengrinews.kz / Турар Казангапов
13:07 28.06.2024
Қала әкімдігі әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі 1 - 5 шілде аралығында қала маңындағы Қосшы, Қоянды, Ильинка, Талапкер және басқа да елдімекендерден елордаға баратын жолдар жабылады деген ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.
«Азаматтардың қалаға кіріп-шығуына ешқандай шектеу қойылмаған. Астана қаласының Полиция департаменті жалған ақпарат таратқаны үшін жауаптылық көзделетінін ескертеді және ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырады», - делінген хабарламада.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!