{metadescription}
Антикор 2023 жылдан бері іздеуде жүрген азаматты ұстады

Антикор 2023 жылдан бері іздеуде жүрген азаматты ұстады

Сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметпі 2023 жылдан бері іздеуде жүрген «У» атты азаматты ұстады, ол Алматы қаласы Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Оған бұрын сот үкімімен тәркіленген үш үй мен екі пәтер түріндегі мемлекеттік мүлікті жымқырды деп күдік келтіріліп отыр.

Алаяқтық Алматы қаласы бойынша әкімдік пен Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің лауазымды адамдарының қатысуымен бақылаудағы адамдарға жалған төмен бағамен және белгіленген сауда-саттықсыз жылжымайтын мүлікті сату жолымен жасалған.

Биылғы 14 маусымда Бішкек қаласында «У» ұсталғаннан кейін ол Қырғыз Республикасы ІІМ қызметкерлеріне жеңілдетілген рәсімдер бойынша өз еркімен Отанына оралуға дайындығы туралы хабарлады.

Сол күні Алматы қаласы прокуратурасының үйлестіруімен Сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметкерлері «У»-ды Қырғыз Республикасының шекарасынан өткізіп, Алматыға жеткізді.

Қазіргі уақытта күдіктінің қатысуымен тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

«Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі», - делінген хабарламада.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 маусым

28 маусым

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде