{metadescription}
КТК телеарнасының жүргізушісі Мадина Балғабаева «Тұмар» сыйлығының иегері атанды

КТК телеарнасының жүргізушісі Мадина Балғабаева «Тұмар» сыйлығының иегері атанды

КТК телеарнасының жүргізушісі Мадина Балғабаева «Тұмар-2024» ұлттық телевизиялық сыйлығында үздік деп танылды.

Елордада «Тұмар-2024» ұлттық телевизиялық сыйлығының жеңімпаздары анықталды. Биыл «Тұмар» телебәйгесіне 300 өтінім қабылданып, 48 телеөнім номинанттар тізіміне енген. Үміткерлер 12 номинация бойынша бақ сынасты. Жеңімпаздарға жылдағы дәстүр бойынша қазақстандық телевизияны дамытуға қосқан үлесі үшін Тұмар мүсіншесі және 1 миллион теңге көлеміндегі сыйақы табысталды.

Марапаттау рәсімі «Қазмедиа орталығы» киноконцерт залында өтті. КТК үздіктер қатарында. Арнамыздың қазақ тілдегі жаңалықтарының жүргізушісі Мадина Балғабаева «Тұмар» Ұлттық телевизиялық сыйлығының «Үздік тележүргізуші» номинациясын жеңіп алды.

Жеңімпаздар:

Төтенше жағдай кезінде түсірілген үздік репортаж» – «Алапат тасқын» – «Qazaqstan» телеарнасы

Үздік журналистік зерттеу – «Экономика vs экология: су үнемдеудің жолдары қандай?/Арнайы репортаж» – «Atameken Business» телеарнасы

Үздік aқпараттық бағдарлама – «Astana Times» жаңалықтар қызметі – «Astana TV» телеарнасы

Үздік aналитикалық бағдарлама – «Жеті күн» – «Хабар» телеарнасы

Үздік әлеуметтік жоба – «Құдайы қонақ» – «Qyzylorda» телеарнасы

Үздік деректі фильм – «Шетелдегі қазақ балалары» – «Jibek Joly TV» телеарнасы

Үздік телехикия – «Мошенники» – «НТК» телеарнасы

Үздік өңірлік ток-шоу – «Ділмар» – «Жетісу» телеарнасы

Үздік өңірлік телеарна – «ТДК-42» телеарнасы

Балаларға арналған үздік бағдарлама – «АуылDone» – «Жетінші арна»

Үздік тележурналист – Григорий Беденко – «Хабар» телеарнасы

Бұдан бөлек, Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Берік Уәли «Qazsport» телеарнасына «Тұмар-2024» арнайы жүлдесін табыс етті. ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева «Almaty» телеарнасына да арнайы жүлде табыстады.

«Тұмар» Ұлттық телевизиялық бәйгесі 2017 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен құрылған. Сыйлықтың басты мақсаты – сапалы қазақстандық телевияны дамыту және ілгерілету, телевизиялық контент өндірісінде талантты мамандарды қолдау және оның ең мықты өкілдерін мадақтау.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 маусым

28 маусым

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде