{metadescription}
Алматы облысында 5 көліктің қатысумен жол апаты болды

Алматы облысында 5 көліктің қатысумен жол апаты болды

«Алматы-Өскемен» тасжолында 5 көліктің қатысумен жол-көлік оқиғасы болды. Бұл туралы Алматы облысының Полиция департаменті хабарлады. 

«Бес автокөліктің қатысуымен жол апаты 28 маусымда «Алматы-Өскемен» автожолының 42 шақырымында болғанын хабарлаймыз. Апат салдарынан Lada Granta автокөлігінің жүргізушісі түрлі дене жарақаттарымен аудандық ауруханаға жатқызылды», - деп хабарлады департамент баспасөз қызметінен.

Сонымен қатар облыстық полиция жол қауіпсіздігі талаптарын бұзбауға, ҚР Жол ережелерін қатаң сақтауға және рұқсат етілген жылдамдық режимінен аспауға шақырды. 

 

Дереккөз: Kazinform   

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 маусым

28 маусым

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде