{metadescription}
Қырғызстанда алапат селден бес адам қаза тапты

Қырғызстанда алапат селден бес адам қаза тапты

Ош облысының Ноокат ауданында сел салдарынан 5 адам қаза тауып, тағы екеуі із-түзсіз жоғалды, деп жазады Кабар агенттігі.

28 маусым күні сағат 16:10–да нөсер жаңбырдың салдарынан Құлатов аймағының Әбшір-Ата ауылындағы Шаран-Сай каналы арқылы сел жүрді. Тасқын су 7 адамды алып кеткен. Қазіргі уақытта 5 адамның мәйіті табылды, екі адамды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Сондай-ақ 2 көпір мен 10 электр бағанын су шайып, 30 тұрғын үй мен ауланы, балабақшаны су басқан.

Оқиға орнында президенттің Ош облысындағы өкілетті өкілінің бірінші орынбасары мен Қырғыз Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Ош облыстық департаменті басшысының орынбасары мен жүзге жуық құтқарушы жұмыс істеп жатыр.

Төтенше жағдайлар министрі Бообек Әжікеевтің бұйрығымен оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрінің орынбасары Эдельбек Құлматов бастаған қосымша 100 құтқарушы жөнелтілді.

Ош облысының Ноокат ауданында «төтенше жағдай» режимі енгізілді.

Дереккөз: Kazinform   

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.