{metadescription}
Астана полициясы күшейтілген режимге көшті

Астана полициясы күшейтілген режимге көшті

Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ, Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитін өткізу кезеңінде құқық бұзушылықтардың алдын-алу және жолын кесу мақсатында полицияның жеке құрамы қызмет өткерудің күшейтілген нұсқасына ауыстырылды. Бұл туралы Астана қаласы ПД Баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Көшелерде және мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарда қосымша қауіпсіздік шаралары қабылданды. Жасақтар саны ұлғайтылды, бейнебақылау камераларын пайдалану арқылы визуалды бақылау күшейтілді», — делінген хабарламада.

Қалаға кіре берісте полицияның «Рубеж» стационарлық бекеттері жұмыс істейді, онда азаматтардың құжаттары мен көліктегі тыйым салынған заттардың бар-жоғы тексеріліп жатыр.

«Автожолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ерекше назар аударылған. Делегациялардың арнайы колонналарының өту кезінде елорданың магистральдық көшелеріндегі қозғалыс уақытша шектелетін болады», — деп хабарлады Астана қаласы ПД Баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, азаматтардың қалаға кіруі мен шығуы бойынша қандай да бір шектеулер қарастырылмаған.

Астана қаласының Полиция департаменті елорда тұрғындары мен қонақтарын қоғамдық тәртіпті сақтауға, қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қабылданатын шараларға түсіністік танытуға шақырады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.