{metadescription}
Өскеменде болған өрттен 12 адам құтқарылды

Өскеменде болған өрттен 12 адам құтқарылды

Өскеменде Қазыбек Би даңғылында алты қабатты тұрғын үйдің пәтерінде өрт шықты. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлайды.

Өрттен құтқарушылар 12 тұрғынды эвакуациялады, оның ішінде 5 бала. От 10 ш.м. аумақта жедел түрде жойылды. Зардап шеккендер жоқ.

Ведомство мәліметінше, өрттің алдын ала себебі – электр жабдықтарын орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау.

«ТЖМ азаматтардан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды. Жағдайды өртке жеткізбеңіз. Өртті тудыруы мүмкін бұзушылықтарды уақтылы жойыңыз», – делінген хабарламада.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.