Жалғас Жұмағұлов АҚШ-та грэпплинг турнирінде жеңімпаз атанды
Қазақстандық Жалғас Жұмағұлов АҚШ-тың Веллингтон қаласында өткен NAGA (Солтүстік Америка грэпплинг ассоциациясы) грэпплинг турнирінде жеңімпаз атанды.
Фото: Sports.kz
11:45 30.06.2024
Финалдық жекпе-жекте American Top Team командасының намысын қорғаған Ж.Жұмағұлов американдық Рэймонд Пэйджден басым түсті. Осылайша қазақстандық спортшы NAGA чепиондық белбеуіне ие болды.
Жалғас Жұмағұлов (16-9) аралас жекпе-жектен соңғы сайысын ақпан айында Naiza FC 57 турнирінде өткізді. Бұл жарыста төрешілердің бірауыздан щешімімен американдық файтер Кливленд Маклинді (17-12) тізе бүктірді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!