Павлодарда орталық жағажайда суға батып кеткен студенттің мүрдесі табылды
Ертіс өзеніне батып кеткен жас жігіттің мүрдесі 2 тәуліктен соң табылды.
Фото: ТЖМ
08:11 01.07.2024
Оны жедел-құтқару жасағының қызметкерлері судан алып шықты. Бұған дейін жазғанымыздай, Павлодар облысында бір тәулікте үш адам суға батып кетті.
28 маусым күні сағат 00:58-де Торайғыр көлінде 2011 және 2013 жылы туған ағайынды екі жасөспірім суға түсуге тыйым салынған жерде суға батып кетті. Олардың мүрдесін құтқарушылар көп ұзамай тауып, жағаға шығарған, деп жазады kazinform.
Ал Павлодардағы Орталық жағажайда Ертіс өзеніне шомылуға барып, тілсіз жаудың құрбаны болған студенттің мүрдесін құтқарушылар арада екі тәулік өткенде тапты.
«28 маусым күні сағат 16.00-де Орталық жағажайда 2005 жылы туған жас жігіттің суға батқаны туралы ақпарат түсті. Жұма күннен бері іздеу жұмыстары жалғасып келді. Бүгін кешкілік куәгерлердің байқауымен марқұмның мүрдесі табылып, жедел-құтқару жасақтары судан алып шықты», - деп мәлімдеді Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!