{metadescription}
Селдің салдарынан мерт болғандар саны 9 адамға жетті

Селдің салдарынан мерт болғандар саны 9 адамға жетті

Қырғызстанның Ош облысындағы Ноокат ауданында жүрген селдің салдарынан мерт болғандар саны 9 адамға жетті, деп хабарлайды осы елдің Кабар агенттігі.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, Абшир-Ата ауылында кішкентай баланың денесі табылып, милицияға тапсырылды. Қазіргі таңда баланың кім екені анықталып жатыр.

Селдің салдарынан құрбан болғандарды іздестіруге 373 адам жұмылдырылған.

Осыған дейін Қырғызстанда жойқын селдің салдарынан қазақстандық балалардың құрбан болғанын жаздық.

Сондай-ақ Ош облысының Ноокат ауданында сел салдарынан 5 адам қаза тауып, тағы екеуі із-түзсіз жоғалғаны хабарланды.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.