{metadescription}
Алматыда қоғамдық көлікте жол жүру ақысы өзгереді

Алматыда қоғамдық көлікте жол жүру ақысы өзгереді

Алматыда қоғамдық көлікте жол жүру ақысы 20 теңгеге көтерілуі мүмкін.

Қала әкімдігінің қаулы жобасы қоғаммен талқылану үшін «Ашық НҚА» сайтында жарияланды, деп жазады kazinform.

Қалалық мобилділік басқармасы мәлім еткендей, 80 теңгелік тариф 2011 жылдан бері өзгермеді, тек былтыр ғана 20 теңгеге өсті. Қазір Алматыда қоғамдық көліктегі тарифтің құны қолма-қол ақшасыз тәсілмен төлеген кезде 100 теңге, ал қолма-қол төлеген кезде 200 теңге мөлшерінде белгіленген.

Бұл ретте, ведомство осы жылы қоғамдық көлікте жол жүру үшін орташа тариф 310 теңге, ал кейбір маршрутта 400 теңгеге жететінін атап өтті. Осыған байланысты жыл сайын тасымалдаушыларға төленетін субсидия мөлшері өсуде. 

Егер 2023 жылы 68,7 млрд теңге бөлінсе, 2024 жылы субсидияның болжамды сомасы 97,3 млрд теңгеге дейін артты. Осылайша, қазіргі тариф бойынша субсидиялау мөлшері үнемі өсіп отырады, бұл жергілікті бюджет үшін шамадан тыс болуы мүмкін.

«Қала тасымалдаушылары қолданыстағы тариф тасымалдаушылардың автобус сатып алуға, жаңартуға және уақытылы қызмет көрсетуге, сондай-ақ жүргізушілердің жалақысын көтеруге жұмсаған шығынды өтемейді деп бірнеше рет мәлімдеді. Тасымалдаушыларға және жергілікті бюджетке жүктемені ішінара азайту мақсатында қалалық қатынастарда жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға тариф белгілеу туралы қала әкімдігі қаулысының жобасы дайындалды. Жоба жол жүру тарифін 120 теңгеге дейін көтеруді көздейді. Тиісінше, азаматтардың жеңілдетілген санаттары үшін жол жүру құны тарифтің 50%-ы болады», - делінген басқарманың хабарламасында. 

Сонымен қатар қоғамдық көлікте жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жол жүру ақысын қолма-қол ақшамен төлеуді жою көзделген. Қалалық мобилділік басқармасы жаңа тариф кезінде субсидиялаудың болжамды көлемі 2024 жылы 7 млрд теңгеден астамға қысқаратынын жеткізді.

«Бұл қала тұрғындарының талабын ескере отырып, қоғамдық көлікте көп жүруді арттыруға қосымша қаржы жұмсауға ықпал етпек.Мәселен, 2023 жылы қала әкімдігі 600 жаңа автобус пен 100 троллейбус сатып алды. Биыл қосымша 600 автобус, 100 троллейбус және 100 электробус сатып алу жоспарланған. Бұл техникаларды сатып алуға 160 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінді. Бұған қоса, жеке тасымалдаушылар 2023 жылы 550 автобус, 2024 жылы 400-ге жуық жаңа автобус сатып алуды жоспарлаған», - деп атап өтті басқармадан.

Биыл BRT, LRT және метро сияқты жедел қоғамдық көлікті дамытуды көздейтін көлік инфрақұрылымын шебер жоспарын жүзеге асыру басталды. 2030 жылға қарай қалада ұзындығы шамамен 300 км болатын 42 көлік дәлізі құрылады, бұл қаладағы тұрғын үй аумағының төрттен үш бөлігі. Сондай-ақ жолақысын төлеу және тегін тасымалдауда тарифтік мәзір әзірленеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.