{metadescription}
Орал қаласында жазғы кафе жанып кетті

Орал қаласында жазғы кафе жанып кетті

Оралда қалалық мәдениет және демалыс саябағы аумағында жазғы кафе өртенді.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 1 шілде күні болды.

«Сағат 09.50-де Қ.Рысқұлбеков көшесі 1/4-мекенжайында аумағы 280 шаршы метр «У фонтана» жазғы кафесі жанып жатқаны жөнінде хабар түскен. Сондай-ақ соған жалғас тұрған 25 шаршы метр әкімшілік ғимаратының төбесі отқа оранды.

Оқиға орнынан 1 көмірсутегі баллоны шығарылды. Өртті сөндіруге 20 адам, 5 техника жұмылдырылды. «Тілсіз жау» сағат 10.15-те оқшауланып, 10.32-де ауыздықталды. Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі кезде оқиғаның шығу себебі, келтірілген шығын анықталу үстінде», деп хабарлады ведомстводан.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде