{metadescription}
Алдағы күндері нөсер жауын жауады

Алдағы күндері нөсер жауын жауады

Қазгидромет синоптиктері 2-4 шілде аралығына арналған үш күндік ауа райы болжамын ұсынады. 

Алдағы күндері Қазақстан аумағының басым бөлігіне кең ауқымды циклон әсер етеді.

Соның салдарынан жаңбыр мен бұршақ жауады, найзағай жарқылдап, қатты жел тұрады.

Еліміздің солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, шығысында және орталығында қатты жаңбыр жауады.

Тек республиканың батысы мен оңтүстігінде негізінен күн ашық, жауын-шашын жаумайды. 

Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы күндіз солтүстік-батыста +28+35°С дейін, солтүстікте +20+28°С дейін, орталықта +22+33°С дейін, оңтүстік-шығыста +27+36°С дейін, оңтүстікте +33+38°С дейін біртіндеп жоғарылайды.  

Еліміздің батысында +35+42°С дейін қатты ыстық болады. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.