{metadescription}
Павлодарда жол-көлік апатынан 3 бала зардап шекті

Павлодарда жол-көлік апатынан 3 бала зардап шекті

Павлодар мен Ақсу арасындағы тас жолда екі көлік соқтығысқан. Апат орнынан облыстық балалар ауруханасына 8, 10 және 11 жастағы үш жасөспірім жеткізілді. Бұл туралы өңірлік жедел жәрдем стансасының баспасөз қызметінен хабарлады.

«Павлодар мен Ақсу қалалары арасын жалғайтын жолда жүк көлігі мен жеңіл көлік соқтығысқан. Апат салдарынан 3 бала, атап айтқанда, 8 жасар ұл мен 10 және 11 жастағы қыз балалар зардап шекті. Жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына жедел жетіп, зардап шеккендерді облыстық балалар ауруханасына жеткізді. Көлікте болған 65 жастағы ер адам мен 66 жастағы әйел балалармен ауруханаға бірге ілесіп барды», - деп мәлімдеді өңірлік жедел жәрдем стансасынан.

Балалар ауруханадағы жарақат бөліміне жатқызылған. Үшеуінде жабық бас сүйек-ми жарақаты, мидың шайқалуы тіркелді және денелерінде апат салдарынан жарақаттанған жерлері бар.

Дереккөз: Kazinform 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.