{metadescription}
Алматыда бұрынғы теміржол ауруханасынан өрт шықты

Алматыда бұрынғы теміржол ауруханасынан өрт шықты

Алматыда Абай мен Масаншы көшелерінің қиылысында орналасқан бұрынғы теміржол ауруханасында от тұтанды.

Қалалық ТЖД мәліметінше, көп жылдар қараусыз тұрған ғимараттың екінші қабатында қоқыс өртенген.

«1 шілде күні кешкі сағат 19:00-де Алматы ТЖД өрт сөндірушілері Алмалы ауданы Масанчи көшесіне жіберілді. Келген сәтте жұмыс істемейтін теміржол ауруханасының екі қабатты ғимаратының 2-қабатында қоқыс жанған. Өрт 10 минуттың ішінде сөндірілді», — деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.

Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталуда.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.