{metadescription}
Сел кезінде жоғалған екі жасар баланың денесі табылды

Сел кезінде жоғалған екі жасар баланың денесі табылды

Қырғызстанның Ош облысы Нооқат ауданы Апшыр-Ата ауылында сел алып кеткен екі жасар баланың денесі табылды, деп жазады kazinform.

Бұл туралы Қырғыз Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазды Кабар ақпарат агенттігі. 

Ведомствоның мәліметінше, жедел іздестіру шараларының нәтижесінде баланың денесі кеше сағат 15.50-де табылған. Баланы жергілікті тұрғындар тауып, Ішкі істер министрлігінің қызметкерлеріне тапсырды.

Қазіргі кезде құқық қорғау органдары оның тұлғасын нақтылап жатыр.

Сел салдарынан құрбан болғандар саны 10 адамға жетті.

«Бүгін іздеу жұмыстарына 85 құтқарушы мен 100-ден астам жергілікті тұрғын жұмылдырылды», - делінген хабарламада.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде