{metadescription}
Павлодар тұрғыны заңсыз кәсіпкерлікпен айналысып, металл қабылдап келген

Павлодар тұрғыны заңсыз кәсіпкерлікпен айналысып, металл қабылдап келген

Облыс аумағында «Металл» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Полицейлер металл қабылдайтын 150-ге жуық пунктті тексеріп, нәтижесінде 20 заңбұзушылықты анықталды.

Павлодар облысының аумағында ұрланған металды өткізу орындарын пысықтауға, металл ұрлығын, асыл тастардың, түсті және қара металдардың, олардың сынықтары мен қалдықтарының заңсыз айналымын ұйымдастыратын адамдарды анықтап, ұстауға бағытталған «Металл» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. 

«Тексеру барысында пункт иелерімен профилактикалық әңгімелер жүргізілді. Олар ұрланған металды тапсырумен айналысатын адамдарды анықтаған жағдайда дереу 102 нөміріне қоңырау шалуы қажет екені, сондай-ақ қылмыстық жолмен көрінеу өндірілген мүлікті сатып алу немесе өткізу үшін қылмыстық жауапкершілік туралы ескертілді», - дейді Павлодар облысы Полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бастығы Балғабай Қапаров.

Іс-шара барысында абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін бірнеше пункт иесі жазаланды. Ал Тереңкөл ауданында салық органдарында ешбір тіркеусіз кәсіпкерлік қызметпен айналысқан тұрғын анықталды. Азаматты жауапкершілікке тарту үшін жергілікті Мемлекеттік кірістер бөліміне тиісті материал толтырылып жіберілді.

 Сондай-ақ, облыс аумағында қосалқы бөлшектерді, металл құбыры мен кабельді ұрлады деген күдікке ілінген үш тұрғын анықталды. Қазір әрбір факті бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде