{metadescription}

Таразда тұрғын үй шатырынан өрт шықты

Тараздағы тұрғын үйлерінің бірінен өрт шықты. Үйдің шатырынан шыққан жалын 120 шаршы метр аумақты қамтыды.

«Өртті сөндіруге оқиға орнына 16 өрт сөндіруші және 4 арнайы бірлік техника жедел жетті. Құтқарушылардың үйлесімді әрекеттерінің арқасында оттың жақын тұрған үйлерге таралуына жол берілмеді. Өрт толықтай жойылды, зардап шеккендер жоқ. 

Қазіргі таңда өрттің шыу себептері анықталуда», – делінген Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің таратқан ақпаратында.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде