{metadescription}
Алматы облысында жыл басынан бері 10 есірткі зертханасы жойылды

Алматы облысында жыл басынан бері 10 есірткі зертханасы жойылды

Жыл басынан бері Алматы облысының полицейлері есірткіге қатысты 104 құқық бұзушылықты анықтаған.

Бұл туралы ӨКҚ брифингінде облыстық Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Ардақ Қайсаров айтты. 

– Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспар шеңберінде біз жастар арасында нашақорлық пен есірткі қылмысының алдын алу бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргіземіз. Жыл басынан бері есірткіге қарсы бағыттағы 265 профилактикалық іс-шара өткізілді. 26 мамырдан 26 маусымға дейін созылған есірткіге қарсы айды өткізу кезеңінде ғана «Есірткісіз болашақ» аясында 70 іс-шара өткізілді, - деді Ардақ Қайсаров.

Сонымен қатар полиция өкілі жыл басынан бері есірткіге қатысты 104 құқық бұзушылық анықталғанын атап өтті. Оның ішінде 27 дерек есірткі заттарын сату, 23 дерек аса ірі мөлшердегі есірткі заттарының сақтау, 46 дерек есірткінің синтетикалық түрлерінің заңсыз айналымына байланысты.

Жыл басынан бері облыс аумағында 10 зертхана жойылып, заңсыз айналымнан 13 тоннаға жуық есірткі заттары тәркіленген.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде