{metadescription}
Респонденттердің 77,1 пайызы Тоқаевтың реформаларына сенім артатынын білдірді - сауалнама

Респонденттердің 77,1 пайызы Тоқаевтың реформаларына сенім артатынын білдірді - сауалнама

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты биылғы 11 мамыр мен 22 маусым аралығында әлеуметтік сауалнама жүргізді. Оған 17 облыс пен Астана, Алматы, Шымкент сияқты республикалық маңызы бар қалалардан 18 жастан асқан 8000 респондент қатысты.

Қоғамдық пікірді зерттеу нәтижелеріне сәйкес, Қазақстан Республикасының Президентіне респонденттердің 77,1 пайызы сенім білдіретіні белгілі болды. Бұл ретте бірқатар заңдылықты ескере отырып, Мемлекет басшысына сенім артқан азаматтардың орташа портретін көрсетуге болады, деп жазады Kazinform.

Біріншіден, Президентке көбірек сенім артатындардың көпшілігі жастар (81,9%).

Екіншіден, респонденттердің білім деңгейі неғұрлым жоғары болса, олардың Мемлекет басшысына деген сенімі де жоғары.

Үшіншіден, Мемлекет басшысына сенім деңгейі ауыл тұрғындары (79,6%) және қала тұрғындары (75,4%), әйелдер (79%) және ерлер (74,9%) арасында шамамен бірдей екенін атап өткен жөн.

Төртіншіден, білім, өнеркәсіп, қызмет көрсету, көлік және ауыл шаруашылығы салаларында қызмет ететіндер Президентке көбірек сенім артады.

Әлемде саяси институттарға деген сенімнің төмендеуі сияқты жалпы үрдіс байқалады. Таяу Шығыс пен Шығыс Еуропадағы геосаяси өзгерістер, пандемия, инфляция салдарынан өмір сүру құнының өсуі және көптеген елдерді шарпыған экономикалық дағдарыс саяси институттарға деген сенімнің төмендеуінің себептерін түсіндіреді.

Бұл тұрғыда Қазақстан көптеген елдермен салыстырғанда жақсы жағынан ерекшеленеді. Мемлекеттің кезең-кезеңімен саяси жаңғыруы, көппартиялық жүйені дамытуға бағытталған заңдар, жергілікті және аудан әкімдерін сайлау, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» формуласын жүзеге асыру – осының барлығы Президенттің Әділетті Қазақстан тұжырымдамасын іс жүзінде жүзеге асырудың көрінісі.

Әлеуметтанулық зерттеулердің нәтижелері көрсеткендей, Қасым-Жомарт Тоқаевтың ашық және әділ қоғам құруға, азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған реформалары, сайып келгенде, Президенттің қоғамдағы жоғары рейтингіне негіз болды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде