{metadescription}
Павлодарда бүлдіршінге дөрекілік танытқан тәрбиеші жұмыстан босатылды

Павлодарда бүлдіршінге дөрекілік танытқан тәрбиеші жұмыстан босатылды

Павлодарда дөрекілік танытқан тәрбиеші жұмыстан босатылды.

Оқиға № 79 балабақшада болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тәрбиешінің видеода бүлдіршіндердің басынан нұқып жібергені түсірілген сәт әлеуметтік желіде тарады. 

Қалалық білім беру бөлімінің мәліметінше, 2024 жылғы 1 шілдеде № 79 балабақшаның орта топ ата-аналары басшының міндетін атқарушыға бейнебақылау камераларын қарау туралы өтінішпен жүгінген. 

"Бейнежазбаны қарау барысында 26-27 маусымдағы жазбаларда  түстен кейін тәрбиешінің дөрекілік танытқаны тіркелді. Қолданыстағы еңбек заңнамасына сәйкес, аталған факті бойынша тәрбиеші жұмыстан шығарылды", - деп жазылған хабарламада. 

Сондай-ақ бөлімде барлық материалдар білім бөлімін уақтылы хабардар етпегені үшін құқық қорғау органдарына берілетінін хабарлады.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.