{metadescription}
Алакөлде үш турист желдің екпінімен көлдің ортасына кетіп қалған

Алакөлде үш турист желдің екпінімен көлдің ортасына кетіп қалған

Жетісу облысында желдің күшімен ығып көлдің ортасына қарай кетіп қалған үш турист құтқарылды. 

Үш азамат Алакөл көлінің бетінде катамаранмен жүзіп жүрген. 

Туристер бір уақытта байқамастан көл жағалауынан алысқа кетіп қалған, сол сәтте жел күшейіп, оларды ықтырып әкетеді. 

Демалушылар өз бетінше жағалауға жете алмай қалған.  

Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары дереу көмекке келді.

Олар жел ұшырып әкеткен туристерді жағаға қайтарды. Медициналық көмек қажет емес.

«Төтенше жағдай болғанда 112 нөміріне хабарласыңыз» деп ескертеді құтқарушылар.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде