{metadescription}
Қазақстанда кейбір дәрі-дәрмек тегін берілмейтін болды

Қазақстанда кейбір дәрі-дәрмек тегін берілмейтін болды

Еліміздің бас дәрігерінің 2021 жылғы 5 тамыздағы белгілі бір ауруы бар азаматтардың жекелеген санаттарын тегін қамтамасыз етуге арналған дәйтрі-дәрмек пен медициналық бұйымдар тізбесін бекіту туралы бұйрығына өзгеріс енгізілмек. 

Бұйрық жобасы Ашық НҚА сайтында жарияланды. 

Кейбір препараттар тізімнен шығарылады, өйткені өлімге және мүгедектікке әкелуге әсер етпейді. 

Өзге препараттарды эпидемиологиялық деректердің болмауына және оларға қажеттілікті есептеу мүмкін еместігіне байланысты алып тастау жөнінде шешім қабылданған. 

Осылайша тізімнен 32 дертке тағайындалған препараттар алынады. 

Олардың қатарында асқазан мен 12 елі ішектің ойық жарасы, пневмония, синусит, кератит, эндометриоз, несеп-жыныс жүйесінің созылмалы инфекциялары және өзге де аурулар бар. 

Тізімнен шығарылатын препараттарға омепразол, амоксициллин, кларитромицин, метронидазол, карбамазепин, преднизолон, хлоропирамин жатады. 

Денсаулық сақтау министрлігі бұйрығының жобасы 18 шілдеге дейін қоғамдық талқылауға ұсынылып отыр.

Дереккөз: Kazinform  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.