{metadescription}

Ақша айырбастау орындарында доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 470– 475 теңгеден саудаланып жатыр. 

Kurs.kz деректері бойынша, Алматыда валюта айырбастау орындарында 1 доллар 474,1 - 476,5 теңгеден сатылып жатыр. Ал, Астанада доллар бағамы 470 - 475 теңге аралығында құбылып тұр.

Ұлттық банктің 4 шілдедегі ресми бағамы – 1 долларға 472, 57 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5, 40 теңге болды.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 5,25 - 5,37 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 5,17 -5,37 теңгеден сатылуда.

Айта кетейік, 3 шілде кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,81 теңгеге қымбаттап, 472,71 теңге болған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде