{metadescription}
Терезенің торын шешіп, өзгенің үйіне ұрлыққа түскен ақмолалық ұсталды

Терезенің торын шешіп, өзгенің үйіне ұрлыққа түскен ақмолалық ұсталды

Ақмола облысында москит торын шешіп, біреудің үйіне кіріп, ұрлық жасаған қаскүнем ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аршалы ауданының тұрғыны полиция бөліміне 24 шілдеде белгісіз адам үйге кіріп телефонын ұрлағанын хабарлады. 

Таңғы сағат 8 шамасында қаскүнем москит торын шешіп, жеке үйдің жатын бөлмесіне кіріп, Samsung ұялы телефонын ұрлап кеткені анықталды.

Залал сомасы 81 мың теңгені құрады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктіні анықтады.

Ол бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған 32 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. 

Осы фактіге қатысты полиция бөлімімен ҚР ҚК 188-бабының 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 

Заттай дәлел тәркіленді. 

Ақмола облысының полиция департаменті көктемгі-жазғы кезеңде үй ұрыларының айтарлықтай белсенділігі артатынын еске салады және азаматтарға жеке мүлкін қорғау үшін барлық қажетті шараларды қолдануға кеңес береді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

05 шілде

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.