{metadescription}

Алматыда Жұмабаев пен Мақатаев көшелерінің қиылысы үш күнге жабылады

Алматыда Жұмабаев пен Мақатаев көшелерінің қиылысында көлік қозғалысы шектеледі.

5 шілде кешкі сағат 20:00-ден 8 шілде түнгі сағат 23:00-ге дейін Айнабұлақ шағын ауданында Жұмабаев пен Мақатаев көшелерінің қиылысы жабылады. Екі бағытта да көлік қозғалысы шектеледі.

«1981 жылдан бастап пайдалануға берілген жалпы ұзындығы 2 135 метрлік құбырды ауыстыру кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жабылады», - деп хабарлады «Алматы жылу желілері» ЖШС.

Бұл құбыр 344 көппәтерлі тұрғын үйді, 11 білім беру және 3 денсаулық сақтау нысанын 483 басқа да ғимараттарды жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етеді. Жаңғырту жұмыстарына қарамастан тұтынушыларға ыстық су бұрынғысынша үздіксіз беріледі. 

Дереккөз: Kazinform  

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.