{metadescription}
Түркістан облысында ауыл тұрғыны әлеуметтік желіде экстремистік материалдар таратқан

Түркістан облысында ауыл тұрғыны әлеуметтік желіде экстремистік материалдар таратқан

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Түркістан облысы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы мен ҰҚКД қызметкерлері экстремистік сипаттағы материалдарды таратқан күдіктіні ұстады.

Сайрам ауданының тұрғыны діни экстремизмнің жақтаушысы ретінде әлеуметтік желі арқылы радикалды уағызшылардың бейнероликтері мен терроризм идеологиясын насихаттайтын материалдарды таратқан.

Күдіктінің үйін тінту кезінде жедел уәкілдер діни бағыттағы 300-ге жуық кітапты, ноутбук және өзге де заттай дәлелдемелерді тауып, тәркіледі.

«Қылмыстық іс қозғалды. Күдікті тергеу изоляторына қамалды. Қазіргі таңда аталған факт бойынша жедел-тергеу іс-шаралары жүріп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды» делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

03 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде