Қостанайда шенеунік мердігерден 9 млн теңге алып жатқанда ұсталды
Қаржылық мониторинг агенттігі Қостанай облысында денсаулық сақтау объектілерін салу кезінде заңсыз сыйақы алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады, деп жазады kazinform.
Фото: видеодан кадр
09:54 09.07.2024
Авторлық қадағалау тобының басшысы бопсалау арқылы орындалған жұмыс және пайдалануға беру актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде дәрігерлік амбулатория салатын компанияның бас инженерінен 9 000 000 теңге мөлшерінде заңсыз сыйақы алған.
Тергеу барысында күдікті қолма-қол ақша алу кезінде ұсталды.
Заңсыз сыйақы мөлшері көрсетілген объектілерді салу құнының жалпы сомасының 1% — құрайды.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.
ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес өзге де мәлімет жарияланбайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!